"ТӨРТ ТОҚСАН – ТӨРТ ӨНЕР"

Жітіқара қаласындағы Балалар өнер мектебінде "ТӨРТ ТОҚСАН – ТӨРТ ӨНЕР" жобасын жүзеге асыру аясында "Ұлттық өнер" көрмесіне дайындық жұмыстары жүргізілуде. Көркем  бөлімінің 2-сынып оқушыларының жұмыстары халық мәдениеті мен дәстүрлеріне арналған. Бұл ұлттық киімдегі қыздар, әртүрлі пішіндегі стильдендірілген киіз үйлер, ұлттық ыдыс-аяқтар. 2- сыныптың оқушысы Паневина Радамира Әбілхан Қастеевке арналған жұмысын аяқтап жатыр.

18.11.23-12.01.24 аралығында Астана қаласында "Бояулар құпиясы" республикалық шығармашылық байқауы өтті

18.11.23-12.01.24 аралығында  Астана қаласында "Бояулар құпиясы" республикалық шығармашылық байқауы өтті. Байқаудың ұйымдастырушысы "Атамұра" республикалық ғылыми - әдістемелік орталығы болып табылады. 
Байқаудың мақсаты:
- дарынды және талантты оқушыларды анықтау және қолдау;
- оқушылардың танымдық қызығушылықтарын ынталандыру.
- шығармашылық өзін-өзі танытуға, шығармашылық қабілеттерінің өсуіне және тұлғаның үйлесімді қалыптасуына ықпал ету.
Балалар өнер мектебінен байқауға 1 курс оқушысы Қалиева Аида қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша қатысушы 1 дәрежелі дипломмен, мұғалім Коба Т. В. - алғыс хатпен  марапатталды.
Қатысушылардың ата-аналары алғыс хатпен марапатталды.

Ә. Қастеевтің 120 жылдығына арналған халықаралық байқау

Алматы қаласындағы Ә. Қастеев атындағы өнер және дизайн мектебі Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары федерациясының қолдауымен, VISTA-ARTISTA көркем тауарлар брендімен және «Леонардо» хобби-гипермаркеттер желісімен серіктестікте барлық тілек білдірушілер үшін «Әбілхан Қастеевтің туғанына - 120 жыл» халықаралық байқауын жариялады.  

Байқаудың мақсаты: шығармашылық-эстетикалық тәрбие, балалар өнерін дәріптеу.

18 қаңтарда Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайында халық суретшісінің мерейтойлық күніне арналған көрме ашылды. Көрменің экспозициясы көрнекті суретшінің де, халықаралық байқауға жіберілген жұмыстардың да туындыларын ұсынады. Байқауға 500-ден астам жұмыс жарияланды.

Толығырақ: Ә. Қастеевтің 120 жылдығына арналған халықаралық байқау

27.12.2023ж. 3.01.2024ж. аралығында Өскемен қаласында "Жаңа жылдық сиқыр" атты халықаралық көп жанрлы байқауы өтті.

27.12.2023ж. 3.01.2024ж. аралығында  Өскемен қаласында "Жаңа жылдық сиқыр" атты халықаралық көп жанрлы байқауы өтті. Байқаудың ұйымдастырушысы Халықаралық "Премьер" театр орталығы болып табылады.

Байқаудың мақсаттары:
- дарынды және талантты оқушыларды анықтау және қолдау;
- оқушылардың танымдық қызығушылықтарын ынталандыру.
Балалар өнер мектебінен байқауға дайындық курсының оқушылары Рунде Регина, Локшина Элеонора (9 - 10 жас санаты), Татьяна Васильевна Коба көркем бөлімінің мұғалімі қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар Рунде Регина, Локшина Элеонора 1 дәрежелі дипломдармен марапатталды, ал мұғалім Коба Т.В. Бас-жүлдеге ие болды.

2023 жылғы 23 желтоқсанда Өскемен қаласында IV Республикалық көп жанрлы «Қазақстанның болашағы-менің болашағым!» байқауы өтті

2023 жылғы 23 желтоқсанда Өскемен қаласында IV Республикалық көп жанрлы «Қазақстанның болашағы-менің болашағым!» байқауы өтті. Байқаудың ұйымдастырушысы «Премьера» Халықаралық театр орталығы болып табылады. Байқау үш бағыт бойынша өткізілді: көркем шығармашылық, орындаушылық шеберлік, шекарасыз шығармашылық.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің балалар өнер мектебі» КММ-нен гитараның 4-сынып оқушысы Юсупов Рустам және гитара оқытушысы Заматаева Ольга Павловна және 2-сынып оқушысы Озорнина Аринамен дуэт байқауға қатысты. Білікті қазылар алқасының шешімімен дуэт Гран-при иегерлеріне айналды, Юсупов Рустам I дәрежелі дипломға ие болды.