"ТӨРТ ТОҚСАН – ТӨРТ ӨНЕР"

Жітіқара қаласындағы Балалар өнер мектебінде "ТӨРТ ТОҚСАН – ТӨРТ ӨНЕР" жобасын жүзеге асыру аясында "Ұлттық өнер" көрмесіне дайындық жұмыстары жүргізілуде. Көркем  бөлімінің 2-сынып оқушыларының жұмыстары халық мәдениеті мен дәстүрлеріне арналған. Бұл ұлттық киімдегі қыздар, әртүрлі пішіндегі стильдендірілген киіз үйлер, ұлттық ыдыс-аяқтар. 2- сыныптың оқушысы Паневина Радамира Әбілхан Қастеевке арналған жұмысын аяқтап жатыр.