Көркемөнер бөлімі
- Толығырақ
- Категория: Uncategorised
- Жарияланды Дүйсенбі, 03 Наурыз 2025 17:07
- Автор: Super User
- Қаралды: 358
2025 жылдың 10 қарашасында Қостанай қаласының суреттер галереясында бейнелеу өнері бойынша жас авторлардың IV Республикалық «Жас толқын – 2025» байқауының көрмесінің салтанатты ашылуы және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.
Биылғы байқау жас суретшілердің заманауи көзқарасын бейнелейтін маңызды әрі сан қырлы тақырыптарымен ерекшеленді. Байқауға 60 өтінім түсіп, олардың ішінен 39 үздік жұмыс финалдық экспозицияға іріктеліп алынды.
Салтанатты рәсімнің алдында Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Нұрбек Жәрдемов қатысушыларға шабыттандыратын шеберлік сабағын өткізіп, шығармашылық үдерістің қыр-сырымен және кескіндеме өнерінің кәсіби тәсілдерімен бөлісті.
Балалар өнер мектебінен байқауға Ковтун Эльвира Валерьевна «Ағартушы жолы» атты символдық мәні бар туындысымен қатысты.
Шығармашылық үлесі мен байқауға қатысқаны үшін Эльвира Валерьевна қатысушы сертификатымен марапатталды.
2025 жылғы 20-27 қазан аралығында Алматы қаласындағы «Байқаулар, конференциялар, олимпиадалар» орталығы ұйымдастырған халықаралық қатысумен өткен республикалық қашықтықтан шығармашылық «Педстарт» байқауы өтті.
Бұл байқау әр өңірден келген дарынды педагогтер мен шығармашылық мамандарды біріктіріп, кәсіби шеберліктерін көрсетуге, тәжірибе алмасуға және білім беру саласындағы жаңашыл тәсілдерді ұсынуға мүмкіндік берді.
Байқауға қатысушылар қатарында Балалар өнер мектебінің көркем бөлімінің оқытушысы Коба Татьяна Васильевна жоғары деңгейде өнер көрсетті. Оның қатысуы педагогикалық шығармашылық пен кәсіби дамуға елеулі үлес қосты.
Байқау қорытындысы бойынша Коба Татьяна Васильевна қатысқаны үшін сертификатпен және І дәрежелі дипломмен марапатталды.


1-9 мамыр аралығында «Білім айнасы» журналының редакциясы ұйымдастырған «Бояулар құпиясы» республикалық сурет байқауы өтті. Байқаудың тақырыбы-Жеңіс күні. БӨМ - нен 2-сынып оқушысы Сижук Дарья қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Дарья 1 орынды иеленді!


Нижний Новгород қаласында Іnterclover. ru жобасының бастамасы бойынша 30 сәуірде "По следам звезд" атты халықаралық ғарыш туралы сурет байқауы өтті. Жітіқара қаласының Балалар өнер мектебінен көркем бөлімінің 2 А сынып оқушысы Давлетова Сафия осы байқауға қатысты (мұғалім Молдыбаева А.Д.). Байқауға сиқырлы сезім мен ғарыштың шексіз мүмкіндіктерін тудырған, ашық түстермен орындалған Сафияның суреті ұсынылды. Ол алыс әлемдер мен қызықты ғарыштық шытырман оқиғалар туралы қиялды оятады. Байқау қазылар алқасының шешімі бойынша Сафия I дәрежелі дипломмен марапатталды! Осы жеңіс шығармашылықта әрі қарай жетістік шабыты шыңдала берсін


01.02.25-10.02.25 ж. аралығында Астана қаласында «Бояулар құпиялары» республикалық шығармашылық байқауы өтті. Байқаудың тақырыбы «Ғарыш әлемі». Байқаудың ұйымдастырушысы «Білім айнасы» республикалық ғылыми - танымдық редакциясы болып табылады.
Балалар өнер мектебінен байқауға көркем бөлімінің дайындық және екінші сынып оқушылары: Суходольская Мария, Сегизбаева Элиана, Хамитова Рамина, Черных Амина (мұғалім Чистякова М. В.), Арыстамбек Акмарал, Мальцева Виктория, Мурзагулов Нурали,Сапарова Айгерим, Урманов Нурали (мұғалім Молдыбаева А. Д.), Чистякова Виктория, Палеева Василиса (мұғалім Серикбаева Г.С.) қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушылар 1 дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Жеңімпаздар мен тәлімгерлерді жеңістерімен құттықтаймыз.








