Мемлекеттік қызметтері

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің балалар өнер мектебі» КММ қосымша білім берудің MINDAL 24 электрондық жүйесі арқылы тегін негізде «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» 1 мемлекеттік қызметін көрсетеді.

2023 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейінгі кезеңде осы қызмет 112 рет көрсетіліп, 112 оқушы қабылданды:

Көркем бөліміне 78 оқушы;

Музыка бөліміне 34 оқушы:

жеке ән салу – 16 оқушы

домбыра-7 оқушы

фортепиано-7 оқушы

аккордеон-2 оқушы

гитара-2 оқушы

46 оқушы оқудан шығарылды.

Қосымша қабылдау дайындық сыныбына бос орындар болған кезде күнтізбелік жыл ішінде жүзеге асырылатын болады.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің балалар өнер мектебі» КММ «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсетеді. 2023 жылдың ақпан айында «MINDAL24» электрондық жүйесі арқылы 3 қызмет көрсетілді.


Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің балалар өнер мектебі» КММ қызметі туралы

2022 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы

 есеп

 

  1. Жалпы мәліметтер
  2. Ұйым туралы мәліметтер:

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің балалар өнер мектебі» КММ

Орналасқан жері: Қостанай облысы, Жітіқара қаласы, 6-шағын аудан, 60-үй

Байланыс телефондары: 8(71435) 2-38-41

Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуге жауапты тұлғалар:

Огородникова С.Г., мектеп директоры

Кольга И.М., ОЖ жөніндегі директордың орынбасары

 

  1. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

Барлығы мемлекеттік қызметтер саны

Мемлекеттік корпорация және «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызмет түрлерінің саны

Тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны

Ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны

Бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының саны

1

0

1

0

1

  1. Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

№ р/н

Мемлекеттік қызметтердің атауы

Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеменің атауы

2022 жылы көрсетілген қызметтер саны

1

Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау

 

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің балалар өнер мектебі» КММ

 

174

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің балалар өнер мектебі» КММ мемлекеттік қызметтер көрсетуде, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ережелері мен стандарты, өтініш үлгілері көрсетілетін қызметті алушылар үшін қолжетімді жерде – ақпараттық стендте орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат көрсетілетін қызметті берушінің телефоны арқылы да ұсынылуы мүмкін.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар.

Көрсетілетін қызметті алушылар жүгінген кезде жауапты адамдар мемлекеттік қызметтер көрсету процесі туралы, сондай-ақ кеңестерде, ата-аналар жиналыстарында, «мемлекеттік қызметтер көрсету» бағыты бойынша сұрақтар түскен кезде түсіндіру жұмыстарын құзыретті жүргізеді, толық жауаптар беріледі, есепті кезеңдегі көрсеткіштер айтылады, ұсыныстар мен туындайтын мәселелер талқыланады.

          Мектепте электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылған.

 

III. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мен автоматтандырудың мақсаты мектептің көрсетілетін қызметті берушілері көрсететін мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін оңайлату және жеделдету болып табылады. 2022 жылдан бастап балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау MINDAL қосымша білім берудің электрондық жүйесі арқылы жүргізіледі.

Мектепте мемлекеттік қызмет көрсетуге жауаптылар электрондық-цифрлық қолтаңбаларды алу қажеттілігі туралы, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта одан әрі алу мүмкіндігі туралы қызметкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

        

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

Есепті кезеңде барлық мемлекеттік қызметтер бекітілген стандартқа сәйкес белгіленген мерзімде ұсынылды. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар есепті кезеңде көрсетілетін қызметті алушылардан түскен жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау мақсатында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің балалар өнер мектебі» КММ ай сайын Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданының білім бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету есептілігін дайындайды және тапсырады.

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша одан әрі тиімді жұмыс үшін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттанушылығын арттыру мақсатында:

  1. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің балалар өнер мектебі» КММ мемлекеттік қызмет көрсетуге жауаптылар мемлекеттік қызмет көрсету саласында өз біліктіліктерін тұрақты негізде арттыратын болады.
  2. Мемлекеттік қызметтерді тұтынушыларда мемлекеттік қызметтер көрсету салалары бойынша мәселелер туындаған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттар талаптарын түсіндіру бойынша кездесулер өткізілетін болады.
  3. Мектеп мемлекеттік қызметтерді уақтылы көрсетуге бағытталған барлық қажетті шараларды қабылдайды
  4. Мектеп Instagram және Facebook сайттары арқылы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы көрсетілетін қызметті алушыларды хабардар ету бойынша жұмыс жүргізетін болады.