№6 педагогикалық кеңес

2026 жылғы 3 маусымда «БӨМ» КММ-де №6 педагогикалық кеңес өткізілді, онда келесі мәселелер қаралды:
1.2026 жылғы 26 наурыздағы №4 педагогикалық кеңес шешімдерінің орындалуы.
2.VI тоқсан және оқу жылы бойынша білім беру қызметінің қорытындылары.
3.Білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» тәрбие бағдарламасын іске асыру аясындағы 2025–2026 оқу жылындағы мектептің жобалық қызметіне талдау.
4.Музыка және көркем бөлімдерінің білім беру бағдарламаларын меңгерген оқушыларды тиісті сыныптарға көшіру.
5.2025 жылғы 1 тамыз бен 2026 жылғы 31 мамыр аралығында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің балалар өнер мектебі» КММ қызметі туралы есеп.
6.Есепті кезеңдегі 2024–2026 жж. БӨМ даму бағдарламасын іске асыру қорытындылары: жетістіктер мен сапалы өсудің бағыттарына жүйелі талдау.
7.Білім беру ұйымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі ұсынымдар.
8.Іс-шаралар өткізу кезеңінде терроризмге қарсы қауіпсіздік режимін күшейту туралы БӨМ қызметкерлерін хабардар ету.
9.Әртүрлі мәселелер.

№4 педагогикалық кеңес

2026 жылғы 26 наурызда «БӨМ» КММ-де №4 педагогикалық кеңес өткізілді, онда келесі мәселелер қаралды:
1. 2026 жылғы 5 қаңтардағы №3 педагогикалық кеңес шешімдерінің орындалуы.
2. III тоқсан бойынша білім беру қызметінің қорытындылары.
3. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің балалар өнер мектебі» КММ-нің 1 қаңтардан 26 наурызға дейінгі кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсету туралы есеп.
4. Бітіруші сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау комиссиясының құрамына кандидаттарды бекіту. Қорытынды және аралық аттестаттау кестесін бекіту.
5. Педагог кадрларды аттестаттау рәсімінде оқу-әдістемелік әзірлемелердің рөлі.
6. Басқарушылық қызметтің бағытындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу.
7. Мектепте терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті шаралары.
8. Әртүрлі.

№3 педагогикалық кеңес

2026 жылғы 5 қаңтарда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің балалар өнер мектебі»  КММ-де 2025–2026 оқу жылының II тоқсанындағы білім беру қызметінің қорытындысы бойынша №3 педагогикалық кеңес өткізілді. Білім алушылардың үлгерімі мен білім сапасын, мектептің жобалық қызметін талдаумен қатар, мемлекеттік қызметтер көрсету, БӨМ жұмыскерлерінің қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және терроризмге қарсы қауіпсіздік мәселелері қаралды.

Толығырақ: №3 педагогикалық кеңес

№2 педагогикалық кеңес

Қостанай облысы 💥💥💥 "БӨМ" КММ 🎼🎨🎤🖌️🎇 Жітіқара қ.
2025 жылғы 29 қазанда «Балалар өнер мектебі» КММ-нде №2 педагогикалық кеңес өткізілді, онда келесі мәселелер қарастырылды:
1. 2025 жылғы 28 тамыздағы №1 педагогикалық кеңестің шешімдерінің орындалуы.
2. Бірінші тоқсандағы оқу қызметтің қорытындылары.
3. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің балалар өнер мектебі» КМҚК-ның мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 29.10.2025ж. қызметі туралы есебі.
4. Кәмелетке толмағандарға қатысты буллингтің алдын алудағы инновациялық тәсілдер. «ДосболLIKE» бағдарламасы.
5. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпараттандыру және мониторинг.
6. Іс-шаралар өткізу кезеңінде терроризмге қарсы қауіпсіздік режимін күшейту туралы БӨМ жұмыскерлерін ақпараттандыру.
7. Әр түрлі мәселелер.