"Өнер планетасы" Интернет-Гранд байқауы өткізілді

Желтоқсан - қаңтар айларында "World music in Kazakhstan" Қазақстандық ұйымдастыру комитетімен бірлесіп "Alliance of Talents/Таланттар одағы" балалар мен жастарды дамытудың Халықаралық шығармашылық жобасының Болгар Ұйымдастыру комитеті өткізген "Өнер планетасы" Интернет-Гранд байқауы өткізілді.
Шығармашылық байқаулардың мақсаты таланттарды анықтау, таланттармен шығармашылық алмасу арқылы әртүрлі елдер арасындағы шекараларды ашу, балалар мен жастарды одан әрі шығармашылық табыстарға ынталандыру болып табылады.
Қазылар алқасының құрамына әр түрлі шет елдердің көрнекті мәдени қайраткерлері кірді. Бағалау 100 балдық жүйе бойынша өтті. С. И. Бондаренконың жетекшілігімен "Айналайын" вокалдық ансамблі байқауға қатысып, 3 орынға ие болды.
Жеке ән салу номинациясы бойынша Вахрамеева Кристина 2 дәрежелі лауреат дипломының иегері болды, Кусанова Анель 2 дәрежелі лауреат дипломының иегері болды (мұғалім Бондаренко С.И.).
Жүлде ретінде 1,2 және 3 дәрежелі дипломанттар ТМД елдерінде және шет елдерде өткізілетін байқауларға тегін қатысуға шақырылды. Жеңіспен құттықтаймыз, одан әрі шығармашылық табыс тілейміз!