Сәуірдің 22-сі  БӨМ-нің залында  4, 5, 6 - сынып оқушылардың қатысуымен "И снова звучит вальс" атты байқау өтті.

 Вальс туралы  шексіз айтуға болады. Бұл биден немесе музыкалық формадан артық. Бұл – көңіл күй, өмір екпін сезімі. Байқау - ол әрдайым сынақ. Бұл үздік атану үшін күрес қана емес, сонымен қатар балаларға арналған мереке, олардың шығармашылық қабілеттерін, еңбекқорлығын, музыкалық қабілетін көрсету мүмкіндігі. Мұғалімдер үшін бұл олардың еңбегінің көрсеткіші, әрі қарай дамуына ынталандыру. Қатысушылардың орындау техникасын, орындау тазалығын, эмоционалдылығын фортепиано бөлімінің мұғалімдерінен құралған қазылар алқасы бағалады. Қатысушылардың өнерлері 1, 2, 3 орын грамоталарымен, қалған қатысушылар қатысқаны үшін грамоталарымен марапатталды. Бұл шарада ең бастысы, әрбір жас пианист музыкамен, тыңдаушылармен, құрдастарымен тілдесудің қуанышын сезінді.