2023 жылдың 25 наурызында Алматы қаласында «РАУАН» қашықтықтан халықаралық фестиваль-байқауы өткізілді. Байқауды «КҮН ШУАҚ kz» қоғамдық қоры өткізді.


Фестивальдің мақсаттары:
- балалардың шығармашылығын дамуын ынталандыру
- салауатты бәсекелестік рухын қалыптастыру
- қатысушылардың қызметін салыстырмалы бағалау
- хореографиялық, аспаптық және вокалдық үйірмелердің, сән театрларының жетекшілерін шығармашылық ізденісті ынталандыру.
Фестиваль-байқау:
- вокал (солистер, вокалдық топтар)
- хор әні
- хореография (солистер, ансамбльдер)
- аспаптық музыка (соло, дуэттер, трио, ансамбльдер)
- театр
- сән театры (шығармашылық ұжымдар)
- көркем сөз номинациялар бойынша өткізілді.
Әр номинация:
3-5 жас, 6-9 жас, 10-12 жас, 13-17 жас, 18-25 жас, 25+ жас санаттарына бөлінді.
Қатысушылардың өнерін кәсіби қазылар алқасы бағалады. Қазылар алқасының құрамына музыка, хореография саласындағы жоғары білікті мамандар, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткерлері кірді.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданының білім бөлімінің балалар өнер мектебі» КММ-нен байқауға «Тик-так» қасықшылар ансамблі (кіші топ – 5 оқушы: Майборода Дарья, Рустемов Нариман, Сызған Тоғжан, Әділхан Аружан, Галкина София) және баянның 7 сынып оқушысы Крюков Михаил (мұғалім Палеева Ирина Дмитриевна) қатысты. Байқау қорытындысы бойынша балалар 1 дәрежелі лауреаттар дипломының иегері атанды.