2023 жылғы 15 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында Шемонаиха қаласында «Көктемгі көңіл-күй» III Халықаралық көп жанрлы байқауы өтті.

 Байқаудың ұйымдастырушысы «Премьера» халықаралық театр орталығы болып табылады. Байқау көркем шығармашылық, орындаушылық шеберлік, шекарасыз шығармашылық үш бағыт бойынша өткізілді.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің балалар өнер мектебі» КММ - нен байқауға гитараның мұғалімі Ольга Павловна Заматаева мен оқушы Натэла Давитадзе дуэті қатысты.
Білікті қазылар алқасының шешімі бойынша Давитадзе Натэла мен дуэт Гран-при иегерлері атанды.