«Жүрекке сүйікті әйелдер» республикалық балалар суреті байқауы бойынша ақпарат

2023 жылдың наурыз айында Астанада «Жүрекке сүйікті әйелдер» атты республикалық балалар суреті байқауы өтті. Байқау 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне ұштастырылды.

Халықаралық әйелдер күні - ешкімді бей-жай қалдыра алмайтын мереке. Байқаудың басты мақсаты - шығармашылық пен шабыт арқылы әйел жынысына деген құрмет сезімін қолдау. Өйткені бұл адамға сұлулық пен сезімді мүмкіндігінше эстетикалық және түрлі түсті түрде жеткізе алатын өнер.

Конкурсты ұйымдастырушылар: Индиго өнер мектебі - Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы Астана қаласының ЮНЕСКО Клубы, Қазақ ұлттық хореография академиясы және Genome қазақстандық күтім косметикасы брендінің қолдауымен.

Комиссия мүшелері: ҚР суретшілер одағының мүшелері, еңбек сіңірген өнер қайраткерлері, Mondial француз қауымдастығының мүшесі, мектептің аға оқытушылары.

Байқауға Жітіқара қаласындағы Балалар өнер мектебінің көркем бөлімінің оқушылары Юлдашева Зарина (4 курс), Лоскутникова Анастасия (4 курс), Марченко София (3 курс), Хапко Юлия (3 курс), Баймурзин Таир (3 курс), Усенова Ясмина (д/к) қатысты.

Марченко София ашық дауыс беруде «Коллаж» номинациясының жеңімпазы атанды және көрермендер көзайымы сыйлығын жеңіп алды.