1-14 ақпан аралығында «Сиқыршы-қыс» III Халықаралық көп жанрлы онлайн-байқауы өтті, осы байқаудың ұйымдастырушысы «Премьера» ХТО болып табылады.
- Толығырақ
- Категория: Жаңалықтар
- Жарияланды Дүйсенбі, 20 Ақпан 2023 10:48
- Автор: Super User
- Қаралды: 134

1-14 ақпан аралығында «Сиқыршы-қыс» III Халықаралық көп жанрлы онлайн-байқауы өтті, осы байқаудың ұйымдастырушысы «Премьера» ХТО болып табылады.
Балалар өнер мектебінен көркем бөлімінен 6 оқушы, фортепиано бөлімінен 1 оқушы қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша «бейнелеу өнері» номинациясы бойынша Гран-при иегері Стулова Варвара, I дәрежелі лауреаттар - Стулова Валерия, Усенова Ясмина, Сафиулина Риналия, II дәрежелі лауреат -Иваненко Элина, III дәрежелі лауреат - Райымова Гульбахыт.
Мұғалім Коба Татьяна Васильевна лауреаттарды дайындағаны және балалардың шығармашылық дамуын қолдағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.
«Аспаптық жанр» номинациясы бойынша Алина Амангалейева I дәрежелі лауреат атанды, мұғалім Ирина Брониславовна Новопашина.
Оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!

26-30 желтоқсан аралығында Жітіқара қаласындағы Балалар өнер мектебінде аралық аттестаттау өтті. Музыкалық бөлімінде теориялық пәндер бойынша академиялық концерттер, бақылау сабақтар түрінде өтті. 2-6 сынып оқушылары оқу жылының І жартыжылдығында музыкалық аспаптарда ойнауды меңгеруде және вокалдық шығармаларды орындауда өз жетістіктерін көрсетті. Тыңдаулардан кейін мұғалімдер баға қойып, оқушылардың өнеріне әдістемелік сипаттама берді.
«OQU-ZAMAN» Республикалық педагогикалық журналы 2023 жылғы қаңтарда № 01(42) кезекті нөмірін шығарды. Жинақта БӨМ көркем бөлімінің ОТЖ жөніндегі директордың орынбасары Чистякова Мария Владимировнаның «Папье-маше техникасындағы мүсін. Піл» атты сәндік-қолданбалы композиция бойынша шеберлік-сынып конспект-жоспары жарияланды.
17-18 желтоқсанда Қостанай қаласындағы № 1 балалар музыкалық мектебінің базасында «Kostanay music games» республикалық музыкалық өнер байқауы өтті. Байқаудың ұйымдастырушысы «Art aspect» шығармашылық бастамалар орталығы.