«Kostanay music games» республикалық музыкалық өнер байқауы

17-18 желтоқсанда Қостанай қаласындағы № 1 балалар музыкалық мектебінің базасында «Kostanay music games» республикалық музыкалық өнер байқауы өтті. Байқаудың ұйымдастырушысы «Art aspect» шығармашылық бастамалар орталығы.
Байқаудың мақсаттары мен міндеттері:
- Қазақстан Республикасында аспаптық және вокалдық орындаушылықты дамыту;


- дарынды оқушыларды, студенттер мен педагогтарды анықтау және көтермелеу;
- музыкалық оқу орындары арасындағы коммуникативтік кеңістікті кеңейту.
Байқау қазылар алқасының құрамы:
Абдинуров Алиби Куттымбетович ,Гюнтер Тамашагуль Муратовна,Латышова Лариса Викторовна, Қорғанбек Шолпан Ділдәбекқызы, Кучикова Гульнара Бряновна,Улиахметова Раушан Талгатбековна.
Байқау фортепиано, вокалдық өнер, ішекті аспаптар, үрмелі аспаптар, соққыш халық аспаптары номинациялары бойынша күндізгі және сырттай өткізілді. Әр номинация 3 санат бойынша өткізілді:
- BRONZE LINE (1 туынды)
- SILVER LINE (2 туынды)
- GOLD LINE (3 туынды)
Байқау аясында «фортепиано» (Латышова Л. В.), «вокалдық өнер» (Гюнтер Т. М.) номинациялары бойынша педагогтарға арналған шеберлік сыныптары өткізілді.
«Фортепиано», «вокалдық өнер» номинацияларына қатысушылардың жалпы саны 70-тен астам адамды құрады.
Жітіқара қаласының Балалар өнер мектебі байқауға 6 оқушыны ұсынды.
Байқау қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді: «Вокалдық өнер» номинациясы бойынша GOLD LINE санатында И. Сатымова (мұғ. Огородникова С. Г.), «фортепиано» номинациясы бойынша SILVER LINE санатында Р. Ахметова (мұғ. Аверьянова С. В.), I дәрежелі дипломдармен және медальдармен марапатталды.
«Фортепиано» номинациясы бойынша GOLD LINE санатында – Елизавета Грязнова (мұғ. Мац Л.Р.), SILVER LINE санатында З.Дыкалова (мұғалім И. М. Кольга), А. Амангалеева (мұғ. Новопашина И. Б.) Кусанова Анель (мұғ. Мац Л. Р.), III дәрежелі дипломдармен және медальдармен марапатталды.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданының білім бөлімі» ММ-не қолдау көрсеткені және көлік ұсынғаны үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.