Елорда күнін мерекелеу құрметіне Жітіқара қаласының Балалар өнер мектебінде "Туған күніңмен, Астана!" атты жас астананың тарихы мен сәулеті туралы білімді кеңейтуге сурет көрмесі өтті

Елорда күнін мерекелеу құрметіне Жітіқара қаласының Балалар өнер мектебінде "Туған күніңмен, Астана!" атты жас астананың тарихы мен сәулеті туралы білімді кеңейтуге, жас таланттардың шығармашылығында стиль мен үйлесімділік сезімін қалыптастыруға, танымдық қызығушылықтарды дамытуға ықпал ететін қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге бағытталған сурет көрмесі өтті. Іс-шараға көркем бөлімінің 7 жастан 15 жасқа дейінгі оқушылары қатысты. Шығармашылық туындыларды жасаудағы тәлімгер педагогтар Жиенкулова А. Н., Меженина Н. А. Серикбаева Г. С., Коба Т. В., Чистякова М. В. болды.