Жітіқара қаласындағы Балалар өнер мектебінде Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған үздік сурет байқауы өткізілді.


Бұл күн қоғамның назарын нашақорлықтың жаһандық мәселесіне, оның салдары мен оны жеңуге бағытталған күш-жігерге аударуға арналған.
Байқауға Егорова София, Лукина Дарья, Кембаева Аруна, Клюшенкова Ангелина, Нуртай Елнур қатысты.
Байқау жеңімпаздары көркем бөлімінің 5 сынып оқушылары Егорова София, Лукина Дарья болды.