Ақтөбеде IV балалар Baqytty Bala 2022 вокалдық байқауы

Ақтөбеде IV балалар Baqytty Bala 2022 вокалдық байқауы аяқталды.
Фестивальде екі жүз үміткерден іріктелген 21 орындаушы өнер көрсетті. Олар Армения, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Испания, Польша, Болгария, Румыния, Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Өскемен, Қаскелең, Шымкент қалаларынан келген вокалистер болды.


Балалар өнер мектебінің оқушысы (мұғалімі Мазуренко И.Т.) Ясмин Аюпова (Қостанай облысы, Жітіқара қаласы) беделді халықаралық байқаудың дипломанты атанды. Ясмин мен Ирина Тагировнаны құттықтаймыз, болашақта шығармашылық табыс тілейміз!