«Қосымша білім беру жүйесін дамыту траекториясы:шарттардан тиімді нәтижеге дейін»

10 тамызда Қостанай қаласында Қостанай облысының қосымша білім беру жүйесі педагог қызметкерлерінің «Қосымша білім беру жүйесін дамыту траекториясы:шарттардан тиімді нәтижеге дейін» секциялық кеңесі өтті, оған білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, директорлары, директорлардың орынбасарлары, қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты.


Кеңестің негізгі мақсаты-қосымша білім берудің тәрбиелік әлеуетін дамытудағы негізгі бағыттарды анықтау, оның сапасы мен қолжетімділігін арттыру. Спикерлердің мазмұнды баяндамаларында қазіргі жағдайда балаларды тәрбиелеудің өзекті мәселелері, қосымша білім беру жүйесінде инновациялық білім беру технологияларын пайдалану, білім алушыларды патриоттық тәрбиелеу мәселелері қаралды.
2022 жылғы аттестаттау мәселесі де өзекті мәселелердің бірі болып саналды.
Секция жұмысын дебаттық қозғалыс, «Балалар мен театр», сәндік-қолданбалы бағыттар бойынша шеберлік сыныптары жалғастырды.
Қосымша білім беру ұйымдарының қызметіне мониторинг жүргізілді, облыстың қосымша білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін қосымша білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтеріне ҚР ОМ РҚББОӘО алғыс хаттар табыс етілді.