1-17 мамыр аралығында «Атамекен» республикалық сурет байқауы өтті.

1-17 мамыр аралығында «Атамекен» республикалық сурет байқауы өтті. Байқаудың ұйымдастырушысы Астана қаласы әкімдігінің «№1 өнер мектебі» болып табылады.

Осы байқаудың мақсаты - өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімдерді, ұлттық мәдениетке, халықтық дәстүрлерге деген құрмет пен қызығушылықты қалыптастыру. Дарынды  балаларды қолдау және балалардың көркем шығармашылығын дамыту.

Байқаудың негізгі міндеті - оқушыларды қазақ мәдениетінің бай мұрасымен таныстыру. Шығармашылық ойлауды, қиялды және көркемдік талғамды дамыту.

БӨМ атынан Алексеев Иван, Бантыш Алексей, Жигалова Дарья (мұғалім Серикбаева Г. С.), Лукина Дарья, Урал Акбота (мұғалім Жиенкулова А. Н.), Исмухамбетова Дания (мұғалім Молдыбаева А. Д.), Ханжина Анна (мұғалім Коба Т. В.), Хусаинова Жанайым, Егорова Дарья (мұғалім Чистякова М. В.). Байқау нәтижесінде Ханжина Анна I дәрежелі лауреат атанды, Егорова Дарья I дәрежелі лауреат дипломын алды. Оқушыларды жеңісімен құттықтаймыз!