2023 жылдың мамыр айында «Шығармашылық адамдар» вокалдық шеберлік байқауы өтті (Ресей, Санкт-Петербург)

2023 жылдың мамыр айында «Шығармашылық адамдар» вокалдық шеберлік байқауы өтті (Ресей, Санкт-Петербург), осы байқауға жеке ән салу сыныбының мұғалімі Бондаренко Светлана қатысты. Атақты орындаушы Уитни Хьюстонның әнін орындағаннан кейін С. И. Бондаренко байқау нәтижелері бойынша 1 дәрежелі лауреат атанып, дипломмен және естелік кубокпен марапатталды.

Мұндай байқаулар талантты оқушыларды қолдау, мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттыру және әрине тәжірибе алмасу мақсатында құрылады. Светлана Игоревнаны жеңісімен құттықтаймыз, одан әрі шығармашылық табыс тілейміз.