«Жас музыкант» білім беру фестиваль – байқауы

23-24 ақпанда Қостанай қаласында №1 БММ залында 57 облыстық «Жас музыкант» білім беру фестиваль – байқауы өткізілді, осы байқауға облыстың қалалары мен аудандарының 20-дан астам хор ұжымдары мен фортепиано бөлімінің оқушылары қатысты.

Жітіқара балалар өнер мектебінен Дыкалова Злата 2-сынып, Ахметова Руфина 5-сынып, Грязнова Елизавета 5-сынып, Амангалейева Алина 5-сынып оқушылары қатысты.

Оқушылар әртүрлі санаттарда бақ сынасты Амангалейева Алина (мұғ.Новопашина И. Б) жоғары санатта 2 турға жіберілді. Байқаудағы кіші және орта топтағы санат 1 турда өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша: Грязнова Елизавета (мұғ. Мац Л. Р) 1 орын алды. Ахметова Руфина (мұғ.Аверьянова С. В.) және Дыкалова Злата (мұғ. Кольга И. М.) 2 орынға иеленді.

Байқау жеңімпаздарын жарқын жеңістерімен құттықтаймыз!