«Күзгі увертюра»

2022 жылғы 26 қарашада Шығыс Қазақстан облысында Шемонаиха қаласында «Күзгі увертюра» III халықаралық онлайн орындаушылық шеберлік байқауы өтті. Байқаудың ұйымдастырушысы «Премьера» Халықаралық театр орталығы болып табылады. Байқау көркем оқу, театр жанры, вокал, аспаптық жанр, хореография, дефиле номинациялары бойынша өткізілді.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің балалар өнер мектебі» КММ-нен байқауға 3 сынып оқушысы Давитадзе Натэла (мұғалім О. П. Заматаева), сондай-ақ гитара оқытушысы Ольга Павловна Заматаева мен оқушы Натэла Давитадзе дуэт болып қатысты.
Білікті қазылар алқасының шешімі бойынша Давитадзе Натала мен дуэт Бас жүлде иегерлері болды.