Үздік әдістемелік әзірлеу - 2022

Педагогтерге арналған «Үздік әдістемелік әзірлеу - 2022» халықаралық байқауын 2022 жылдың қараша айында «ASIA EDUCATION» халықаралық даму орталығы (Астана қ.) өткізді.


Байқаудың мақсаты: білім беру жұмыскерлерінің педагогикалық тәжірибесін ұсыну және насихаттау; оқыту процесінде білім беру технологияларын әзірлеу және енгізу процесінде педагогтерді инновациялық және эксперименттік қызметті дамытуға ынталандыру, педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамыту және кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Байқауға Жітіқара қаласының Балалар өнер мектебінің мұғалімі С. В. Аверьянова мен С. Г. Огородниковваның жұмыстары ұсынылды. Байқау қорытындысы бойынша музыка бөлімінің оқушыларымен ашық сабақтардың әдістемелік әзірлемелері III дәрежелі дипломдармен марапатталды.