Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай

«Жақсы мұгалім - шырақ сияқты.
Ол басқаларға жарық
беру үшін өзін ерітеді»
Ахмет Байтұрсынов


Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуын мерекелеу аясында Балалар өнер мектебінде осы мерекеге арналған сабақтар өтті. Мұғалімдер балаларға өз өмірін болашақ ұрпақтың бақытты және бейбіт болашағына арнаған нағыз патриоттың қызметі туралы айтып берді.
Ұлы ұстаз бен тәлімгерді еске алу үшін Балалар өнер мектебінде суреттер көрмесі ашылды, онда оқушылар өздерінің сүйікті мұғалімдерінің портреттерін бейнеледі, ал көркем бөлімінің түлегі Ясмин Байкенова А. Байтұрсыновтың портретін қара сиямен салды. Суреттен бізге «Қазақ тілі» кітабын ұстаған жас зиялы адам қатаң қарайды.
Дайындық курсының оқушылары сүйікті мұғалімдерінің 30 портретін дайындады. Бұл- Жарекеева Гульмиса, Сулейменова Альмира, Ханжина Анна, Маданова Жанель, Хасанова Таисия, Сармурзина Аружан, Попырко Вероника, Токмурзина Саида, Казанюк Артем, Басанова Толкын және басқа да оқушылардың еңбектері.
Ахмет Байтұрсынұлының «Ұлт мұғалімдері» өсиеттерін орындай отырып, балалар өнер мектебінің мұғалімдері оқушыларда патриоттық, адамгершілік сезімдерін тәрбиелейді, білім мен еңбекқорлыққа баулиды, шығармашылықты дамытуға және эстетикалық мәдениетті арттыруға ықпал етеді.