"Қосымша білім берудің болашағы: дамуға бастар жол"
- Толығырақ
- Категория: Жаңалықтар
- Жарияланды Сәрсенбі, 11 Маусым 2025 15:34
- Автор: Super User
- Қаралды: 15
15 мамырда Астана қаласында 103 мектеп базасында Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаев қосымша білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтарымен "Қосымша білім берудің болашағы: дамуға бастар жол" тақырыбында кездесуі өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасының әртүрлі облыстарынан 200 - ден астам адам және онлайн режимінде 1600 қатысушы қатысты. Қостанай облысынан осы кездесуге 10 басшы барды, оның ішінде Жітіқара қ. БӨМ директоры С. Г. Огородникова болды. Кездесу аясында: мотивациялық кездесу; ақпараттық және шеберлік сессиялар; шағын хакатон/ жаңа бастамалар мен жобаларды әзірлеу бойынша ой-талқы болды/. "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы бойынша қосымша білім берудегі жетістіктер мен табысты тәжірибелер ұсынылды. Қосымша білім беру сапасын арттыруда үйлестіру кеңестерінің маңызы, педагогтерді аттестаттау және тағы басқа мәселелер қарастырылды. Қосымша білім беру салалары қызметінің маңызды мәселелері бойынша ұсыныстар берілді. Кездесу аясында қосымша білім беру саласының үздік өкілдерін марапаттау рәсімі өтті. Тұтас іс-шараның қорытындысы Әзірбайжан Мамбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрындағы "Қыз Жібек" қойылымына бару болды.