«Музыканың сиқырлы дыбыстары» I Халықаралық онлайн байқауы өтті

Қостанай облысы💥💥 "БӨМ" КММ 🖌️🎨🌞 Жітіқара қ.
2022 жылғы 01 қазанда Шығыс Қазақстан облысында Шемонаиха қаласында «Музыканың сиқырлы дыбыстары» I Халықаралық онлайн байқауы өтті.


Халықаралық музыка күні - бұл әншілер мен музыканттарға, музыка мұғалімдеріне, музыкалық мекемелердің студенттері мен оқушыларына, сондай-ақ барлық музыка әуесқойларына арналған мереке. Байқаудың ұйымдастырушысы «Премьера» Халықаралық театр орталығы болып табылады.
Бірінші халықаралық музыка күніне орай музыкалық өнер саласында балалар мен ересектердің шығармашылық қабілеттері мен зияткерлік әлеуетін іске асыруға ықпал етуге бағытталған «Музыканың сиқырлы дыбыстары» I Халықаралық онлайн-байқауы жарияланды.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің балалар өнер мектебі» КММ-нен байқауға «Тик-так» қасықшылар ансамблінің кіші тобының оқушылары Майборода Дарья, Рустемов Нариман, Сызған Тоғжан ,Әдiлхан Аружан, Галкина София қатысты (мұғалім Палеева И. Д.).
Байқау қорытындысы бойынша «Тик-так» қасықшылар ансамблі Гран-при иегері атанды (мұғалім Палеева И.Д.).