«Нова Загора»

«Нова Загора» бірлестігі мен «Дуга» арт-студиясы жыл сайын «Нова Загора» халықаралық жастар бейнелеу өнері көрмесін өткізеді. Көрме Нова Загора қаласында (Болгария) өтеді және әртүрлі елдердің суретшілері өз жұмыстарын ұсынатын өнер орталығы болып саналады.


Көрмеге 31 мемлекет қатысты. Қазақстаннан 78 сурет жіберіліп, 10 оқушы дипломмен марапатталды.
Жітіқара қаласындағы балалар өнер мектебінің атынан көркем бөлімінің дайындық, бірінші, екінші, үшінші, төртінші курс оқушылары қатысты. Дипломдарды Егорова София (мұғалімі Жиенкулова А.Н.) және Аппилатова Кира (мұғалімі Серикбаева Г.С.) алды. Байқаудағы жеңістермен құттықтай отырып, алдағы уақытта шығармашылық табыс тілейміз.