"Достық тұралы ән"
- Толығырақ
- Категория: Жаңалықтар
- Жарияланды Бейсенбі, 27 Ақпан 2025 03:33
- Автор: Super User
- Қаралды: 7
Бүгін 2025 жылдың 26 ақпанында Балалар өнер мектебінде Абай атындағы мектеп-лицейдің 6 сынып оқушылары арасында "Достық тұралы ән" музыкалық батл өткізілді.
Аталған іс-шараның мақсаты:
- шығармашылық әлеуетті іске асыруда дарынды балаларды қолдау
- оқушылардың бойында патриотизм сезімін қалыптастыру
- достық, мәдениет пен ұлтқа деген құрмет, бір-біріне деген толерантты қатынасты тәрбиелеу сияқты ұғымдарды қалыптастыру.
Қатысушылар кеңестік және қазақ композиторларының шығармашылығы туралы жақсы білімдерін көрсетті, музыкалық ребустарды үлкен ынтамен шешіп, әндер орындады. Іс-шара барысында бәсекелестік рухы сезілді және сонымен бірге достық атмосферасы орнады. Қазылар алқасы командаларды бағалауға объективті қарауға тырысты. Байқау қорытындысы бойынша 1 орынды "Домисолька" командасы, ал 2 орынды "Гармония" командасы иеленді. Мұндай іс-шара алғаш рет БӨМ базасында өткізілді. Мұндай іс-шаралар дәстүрлі болады деп үміттенеміз.