2023 жылдың 1 қарашасы мен 2024 жылдың 30 шілдесі аралығында «Дружат дети на планете» атты IX Ашық Халықаралық балалар суреті байқауы өтті

2023 жылдың 1 қарашасы мен 2024 жылдың 30 шілдесі аралығында «Дружат дети на планете» атты IX Ашық Халықаралық балалар суреті байқауы өтті. Байқаудың ұйымдастырушысы Беларусь Республикасы Минск қаласындағы балалар мен жастардың көркем шығармашылығының ұлттық орталығы болды. "#Дети #Будущее #Спорт" байқауының тақырыбы жарияланды.


Байқауға әлемнің 27 елінен 10000-нан астам жұмыс қатысты: Әзербайжан, Армения, Беларусь, Болгария, Вьетнам, Грузия, Иран, Италия, Қазақстан, Камбоджа, Катар, Қырғызстан, Латвия, Молдова, Мьянма, Пәкістан, Ресей, Румыния, Сербия, Америка Құрама Штаттары, Сирия, Тәжікстан, Таиланд, Түрікменстан, Өзбекстан, Франция, Чехия.
Байқау қорытындысы бойынша Жітіқара қ. БӨМ көркем бөлімінен жіберілген 5 жұмыстардың ішінен мектеп түлегі Баранова Алина (мұғалім Серикбаева Г.С.) II дәрежелі дипломға ие болды. Көркем бөлімінің оқытушылары Г.С. Серикбаеваға, Н. А. Меженинаға, А. Д. Молдыбаеваға, Т. В. Кобаға алғыс айтылды.