2023 жылғы 23 желтоқсанда Өскемен қаласында IV Республикалық көп жанрлы «Қазақстанның болашағы-менің болашағым!» байқауы өтті

2023 жылғы 23 желтоқсанда Өскемен қаласында IV Республикалық көп жанрлы «Қазақстанның болашағы-менің болашағым!» байқауы өтті. Байқаудың ұйымдастырушысы «Премьера» Халықаралық театр орталығы болып табылады. Байқау үш бағыт бойынша өткізілді: көркем шығармашылық, орындаушылық шеберлік, шекарасыз шығармашылық.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің балалар өнер мектебі» КММ-нен гитараның 4-сынып оқушысы Юсупов Рустам және гитара оқытушысы Заматаева Ольга Павловна және 2-сынып оқушысы Озорнина Аринамен дуэт байқауға қатысты. Білікті қазылар алқасының шешімімен дуэт Гран-при иегерлеріне айналды, Юсупов Рустам I дәрежелі дипломға ие болды.