Жітіқара қаласындағы оңалту орталығының пациенттері үшін 15 қарашада балалар өнер мектебінің музыкалық бөлімінің оқушылары мен «Заряница» вокалдық тобының күшімен концерт өткізілді.
- Толығырақ
- Категория: Жаңалықтар
- Жарияланды Дүйсенбі, 20 Қараша 2023 11:36
- Автор: Super User
- Қаралды: 44
Жітіқара қаласындағы оңалту орталығының пациенттері үшін 15 қарашада балалар өнер мектебінің музыкалық бөлімінің оқушылары мен «Заряница» вокалдық тобының күшімен концерт өткізілді. «Жұлдыздар» вокалдық ансамблінің қатысушылары – Гаухар Басанова, Карима Рахметова, Анастасия Фаузер, Жансая Иманалинова емделушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. «Заряница» ансамблі мен «Жұлдыздар» ансамблінің орындауындағы әндерді АОО пациенттері мен қызметкерлері қошеметпен қарсы алды. Мұндай концерттерде мектеп оқушылары микрофонсыз өнер көрсетуде жақсы тәжірибе жинақтайды, сахна мәдениеті мен эстрадалық төзімділікті тәрбиелейді. Қорытындылай келе, жеткізілген қуаныш сәттері үшін емделушілер жылы лебіздерін айтты.