Қазан айының соңында «Балалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» балалар суреттерінің республикалық қашықтықтан байқауы өтті.

Қазан айының соңында «Балалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» балалар суреттерінің республикалық қашықтықтан байқауы өтті. Байқауды Қазақстан Республикасы ағарту министрлігінің қосымша білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өткізді. БӨМ атынан Умербекова Карина (Чистякова М. В.), Ракишева Камила (Серикбаева Г.С.), Латыпова Айнела (Молдыбаева А. Д.), Мурзабекова Алина (Жиенкулова А. Н.), Хапко Юлия (Меженина А. Н.) қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Хапко Юлия III орынға ие болды, жетекшісі Меженина Н. А. алғыс хатпен марапатталды. Байқаудың қалған қатысушылары сертификаттар алды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!