27 қазан күні демалыс қарсаңында АМС залында «Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты Балалар өнер мектебінің көркемөнерпаздар байқауы өтті

27 қазан күні демалыс қарсаңында АМС залында «Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты  Балалар өнер мектебінің көркемөнерпаздар байқауы өтті. Мектеп оқушылары мен педагогтары жарқын және қанық нөмірлерді көрсетті. Бағдарламада аспаптық және вокалдық нөмірлер өткізілді. Аспаптық нөмірлермен Уәлиева Жансұлу (мұғ. Рыспаева З. Т.), домбырада «Жима» күйімен, гитаристер ансамблі – Давитадзе Натэла және мұғалім О. П. Заматаева «Очи черные» композициясымен, Бисимбаев Дияр (мұғ. Огородникова С. Г.) аккордеонында «Вальс расставания»  пьесасымен көрермендерді қуантты. Р. Паулстың «Делу время» пьесасы Ахметова Руфина мен мұғалім Аверьянова С. В. роялда, сондай-ақ қызықты этюд-картина Анель Кусанова, Аружан Байсадакова (мұғ. Мац Л. Р.) ансамблінде жарқын орындалды. Сүйкімді және көңілді «Тик-так» қасықшылар ансамблі «Полька»  орындады (мұғ. Палеева И. Д.). «Вдохновение» мұғалімдер ансамблі орындаған А. Әбдінұровтың «Аққу домбыра» шығармасы нәзік және шын жүректен орындалды.

Вокалдық нөмірлерде жұмсақ және нәзік, креативті және әзілқой, асыл және ұлы интонациялар байқалды. «Өмірім әнім» әні Сатымова Ильназдың (мұғ. Огородникова С.Г.) орындауында шын жүректен шырқалды, «Әдемі қыз» әнінде Сисенбай Жанерке (мұғ. Мазуренко И. Т.) әсем қыздың бейнесін салды. А.Петряшеваның «Белый конь» әнін «Жұлдыздар» ансамблі (мұғ. Огородникова С. Г.) жұмсақ әрі нәзік орындады, вокалдық квартеттің орындауында «Мама» әні сезімтал орындалды (мұғ. Бондаренко С. И.). Би стилінде, драйвтың интонациясымен Зайнутдинова Алина (мұғ. Новопашина И. Б.) орындаған «А мне бы петь и танцевать» әні шырқалды. Соңғы нөмір – «Толғау» әнін Аюпова Ясмин (мұғ. Мазуренко И. Т.) керемет орындады. Қазылар алқасының төрағасы З. С. Урманова және қазылар алқасының мүшелері БӨМ концерттік бағдарламасына жоғары баға берді.