7 маусымда Балалар өнер мектебіне гимназия және 2 мектеп оқушылары келді.



Балаларға көркем бөлім оқушыларының шығармашылық жұмыстарының көрмесі көрсетілді.

Суреттерді көргеннен кейін, балаларды музыкалық бөлімнің жас әртістері күтіп тұрды.

Рояльда, аккордеонда орындалған вокалдық нөмірлер, пьесалардың жазғы мотивтері қатысушылардың көңіл-күйін көтерді.

Концерттің соңында балалармен «Крокодил» ойыны өткізілді, бұл ойында тек қимылдардың көмегімен бірқатар сөздерді түсіндіру керек болды. Барлығы «Музыкалық аспаптар», «Жануарлар әлемінде» және «Жаз» сөздерінің 3 санаты ұсынылды, оқушылар ойынға қуана қатысты.

Мұндай концерттер жаңа бастаған әртістерге сахна мәдениетін үйренуге, толқуды жеңуге, өз таланттарын көрсетуге мүмкіндік береді, ал көрермендер өз кезегінде сұлулықты тыңдап, тамашалай отырып, ішкі әлемін байытады.