«Бояулар құпиясы»

2023 жылдың мамыр айында жас суретшілердің «Бояулар құпиясы»  облыстық сырттай байқауы өтті.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы.

Негізгі мақсат-көркем шығармашылық саласындағы дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау.

Байқауға Жітіқара қаласының «Балалар өнер мектебі» КММ көркем  бөлімінің оқушылары қатысты:

Көркем бөлімінің 2-курстың оқушысы Токмурзина Саида (мұғалім Серикбаева г.С.) байқауға «Жер жүзіндегі жақсы демалыс» номинациясы бойынша сюжеттік композиция ұсынды.

Көркем бөлімінің 2-курстың оқушысы Якушинская Елизавета (мұғалім Серикбаева Г.С.) байқауға «Менің хоббиім» номинациясы бойынша сюжеттік композиция ұсынды.

Көркем бөлімінің 5-курстың оқушысы Ищанова Амина (мұғалім Молдыбаева А.Д.) авангардтық және эксперименттік кескіндеме номинациясында қазылар алқасына суретін ұсынды.

Байқау қорытындысы бойынша Токмурзина Саида мен Якушинская Елизавета 2 орынды иеленді (мұғалім Серикбаева Г.С.). Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!