Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Өңірлік психологиялық қолдау және қосымша білім беру орталығы» кәсіптік перспективалы және шығармашылықпен жұмыс істейтін мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарын анықтау

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Өңірлік психологиялық қолдау және қосымша білім беру орталығы» кәсіптік перспективалы және шығармашылықпен жұмыс істейтін мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарын анықтау, олардың жұмыс тәжірибесін насихаттау, жұмысты ұйымдастыруда жаңа бірегей идеялар мен технологияларды іздеу және білім алушылардың балалардың қызығушылықтарын, қабілеттерін, таланттарын дамытуда қосымша білім берудің рөлін арттыру мақсатында күндізгі-сырттай «Үздік қосымша білім беру ұйымы» атты байқауы өткізілді.
Байқау үш кезеңде өткізілді: өтінімдер мен байқау материалдарды қабылдау; іріктеу сырттай кезеңі; финал. Байқаудың финалына 8 қосымша білім беру ұйымы жіберілді (байқауға ұсынылған 13 ұйымның ішінен). Байқау ұйымның қызметіне талдау жасауды, оның ішінде нәтижелілікті, инновациялық қызметті, әдістемелік қамтамасыз етуді, авторлық бағдарламалар мен бейнематериалдарды ұсынуды көздеді.
Мектептің даму бағдарламасын қорғау өзектілігі, ғылыми, практикалық маңыздылығы мен тиімділігі бойынша бағаланды. Ұйымның портфолиосы ғылыми-әдістемелік жұмыстың мазмұнын, жаңалығын, шығармашылық жетістіктері мен кәсіби жетістіктерін ескерген.
2 маусымда Қостанай қаласында мектепті дамыту бағдарламасын қорғау кезеңі өткізіліп, оған Жітіқара қаласының Балалар өнер мектебі қатысты. Байқау қорытындысы бойынша өнер мектебі облыстың үздік қосымша білім беру ұйымының «Мұғалімнің шеберлігі – оқушының таланты» атты номинациясын алып, Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының грамотасымен және ақшалай жүлдемен марапатталды.