Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің балалар өнер мектебі» КММ   Ақпарат

 

2023 жылдың 21 мамырында «сольфеджио» пәні бойынша Уфа қаласындағы «ИнтелектУм» қашықтықтан іс-шаралар орталығы өткізген 2-тур халықаралық онлайн олимпиадасының қорытындысы шығарылды.

«Сольфеджио» сөзі итальяндық термин болып табылады және сөзбе-сөз «нота бойынша ән салу» дегенді білдіреді. Бұл музыканттар мен вокалистердің музыкалық есту қабілетін дамытуға бағытталған пән. Бұл дыбыстардың өнерінен толық ләззат алуға музыка жазуға және орындауға мүмкіндік береді. Кез-келген әнші мен музыкант үшін дыбыстарды белсенді қабылдау өте маңызды, оны сольфеджио сабақтарының арқасында дамытуға болады.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданының білім бөлімінің балалар өнер мектебі» КММ атынан байқауға сольфеджионың 2-сынып оқушылары Рустемов Нариман, Айменова Мадина, Тансыкпаева Молдир, Тансыкпаева Диляра, Нуралиева Умут, Касенова Адия, Дыкалова Злата, Машаева Наргиз, Сызган Тогжан, Унгутбаева Лаура қатысты.

Сольфеджионың 3-сынып оқушылары Ахмагамбетова Дарина, Зайнутдинова Алина, Рахметова Карима қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша барлық 13 оқушы 1 орынға ие болды (мұғалім Палеева И.Д.).

 

 

Орындаушы: Палеева И. Д.