Балалар өнер мектебінің жас музыканттары мен суретшілері дайындаған "Жылы. Маусым. Жаздың басы!" атты концерттік-ойын-сауық бағдарламасы №1, 4 жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына көрсетілді.

 Балалар түрлі аспаптарда – домбыра, баян, аккордеон, фортепианода ойнаған музыкалық шығармаларды, вокалдық нөмірлерді тамаша көңіл-күймен тыңдады. Үзіліс арасында концерттің жүргізушісі Тимофеева Т.М. музыкалық шығармалар мен балалар әндерінің үзінділерінен тұратын викторина ойынын өткізді.

 Концерттік бағдарламадан кейін оларға ұлттық домбыра күніне арналған өнер мектебінің жас суретшілерінің көрмесіне қатысу мүмкіндігі берілді. Суреттерді қарап отырып, балалар домбыраны бейнелеудің керемет нұсқаларын көрді. Көрме туралы  А.Н. Жиенкулова әнгімелеп берді.  Көрермендер таңқалды, ал кейбіреулері  өнер мектебіне қалай түсуге болатын сұрақтарды қойды.