Мамыр айының басында Қазақстан ең мейірімді және жарқын мерекелердің бірі – Қазақстан халықтарының бірлігі күнін атап өтеді.

Бұл 150-ден астам ұлттар мен ұлыстар тұратын елде бейбіт өмір сүру үшін достық, түсіністік пен келісім мерекесі. Бұл халықтардың әрқайсысы бірегей, бірақ Қазақстан аумағында бірге олар бір тату халық.


1 мамыр мерекесіне орай БӨМ-де «БІРЛІК-БАҚЫТТЫҢ БАСТАУЫ» көркем бөлімі оқушыларының суреттерінің көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде дайындық, екінші және үшінші курс оқушыларының суреттері ұсынылған.
Сурет салу алдында көркем бөлімінің оқушыларымен 1 мамыр мерекесі қандай болатындығы және халықтардың бірлігі деген не екендігі туралы әңгіме жүргізілді.