«Нағыз дос тапқың келсе — өзің сондай бол!»
- Толығырақ
- Категория: Іс-шаралар
- Жарияланды Бейсенбі, 13 Қараша 2025 20:17
- Автор: Super User
- Қаралды: 10
2025 жылғы 10–14 қараша аралығында «ДосболLIKE: достық қолын соз!» атты республикалық акция аясында «Нағыз дос тапқың келсе — өзің сондай бол!» ұранымен біздің мектепте буллингтің алдын алу іс-шаралары мен достық үзілістері өтуде.
Педагогтар балалармен белсенді уақыт өткізуді ұйымдастырып, «Музыкалық орындықтар», «Теңіз толқиды, бір…» сияқты ойындар мен түрлі қарым-қатынас түрлерін өткізуде. Бұл іс-шаралар мектеп ортасында мейірімді, қауіпсіз және достық ахуал қалыптастыруға ықпал етеді.
Акцияның басты мақсаты — балаларды достыққа, бір-бірін қолдауға және жанжалдарды реніш пен зорлықсыз шешуге үйрету. 🤝 Достық әрқайсымыздан басталады!
#ДосболLIKE #ДостықҚолынСоз #БуллингкеҚарсы #ДостықМектебі #ЖітіқараАуданы