«Күзгі аккорд»

31 қазан күні Балалар өнер мектебінде Абай атындағы мектеп-лицейінің оқушыларына арналған «Күзгі аккорд» атты концерт өтті. Бұл музыкалық шара әсем де нәзік жыл мезгілі — күзге арналды.
Көрермендер тек тамаша музыкалық нөмірлермен көңіл көтеріп қана қоймай, жүргізуші С.В. Аверьяновамен бірге музыкалық аспаптар елін аралап, шағын саяхатқа шықты. Балалар әр аспап туралы қызықты әңгімелерді тыңдап, балалар өнер мектебі оқушыларының өнерін тамашалады. Сонымен қатар, қонақтар үшін көркем бөлімі оқушыларының суреттер көрмесі бойынша экскурсия өткізілді, оны көркем бөлімінің мұғалімі Т. В. Коба өткізді.
Концерт пен көрме барлық қатысушыларға жағымды әсер мен шаттық сыйлады, зал мейірімді күлкіге, қошеметке және жылы мерекелік көңіл күйге бөленді.