«Әсем жаз»

Жітіқара қ. БӨМ іс-шаралар жоспары аясында 10 маусым жазғы демалыс кезеңде Абай атындағы мектеп-лицей мен №10 ЖББМ оқушылары (100-ден астам адам) «Әсем жаз» атты көркем шығармалар көрмесіне қатысты. Балаларға өнер мектебінің көркем бөлімі туралы айтылды. 
Оқушылардың шығармашылық жетістіктерін көрсету, көркемдік іс-әрекетке назар аудару, бұл кәсіби бағдарлаудың бір тәсілі, сондай-ақ көрермендерден кері байланыс алуға мүмкіндік беру болып табылады. Көрмеге 1-3 сынып оқушылары қатысты (40-тан астам жұмыстары).  Көркемдік білім беруді және мектептің көркем бөлімінің түлектерін (40 оқушы) танымал етті.