Түлектер-суретшілер жұмыстарының көрмесі және музыканттардың концерттік нөмірлері

Балалар өнер мектебінде тағы алпысыншы рет жылы, тілек сөздер айтылды. Сахнада және залда қуанышты және сәл мұнды атмосфера орнады...Түлектер-суретшілер жұмыстарының көрмесі және музыканттардың концерттік нөмірлері БӨМ-нің қабырғасында өткізген уақыт шығармашылықпен және өнермен қарым-қатынаспен толыққанды болғандығын айғақтады. 
7 маусымда Жітіқара қаласындағы Балалар өнер мектебінің концерт залында көптен күткен мереке-бітіру кеші өтті. Биыл мектеп музыкалық-эстетикалық цикл бойынша білім алған 40 түлектерін шығарды. Оқу жылдары (7 жылдан 9 жылға дейін), жетістіктер мен көңілсіздіктерге толы, артында емтихандар мен көріністер, дайындықтар, концерттер мен көрмелер, байқаулар мен фестивальдар артта қалды.
Балалар өнер мектебінің директоры С.Г. Огородникова түлектерге құттықтау  және тілектер арнап сөз сөйледі. Ол барлық түлектерді оқудың сәтті аяқталуымен құттықтады; алған білімдері қиындықтарды жеңуге және ойластырылған жоспарлар мен армандарды жүзеге асыруға көмектесуі үшін одан әрі шығармашылық табыс тіледі; ата-аналарға түсіністік пен шыдамдылық үшін алғыс айтты. Түлектерге Балалар өнер мектебін бітіргені туралы куәліктер, сондай-ақ үздік оқуы және белсенді конкурстық-концерттік қызметі үшін грамоталар мен алғыс хаттар табыс етілді. Ата-аналарға балаларын тәрбиелеудегі қамқорлығы, шыдамдылығы, еңбегі мен табандылығы үшін алғыс хаттар табысталды.
1 сынып оқушылары, содан кейін түлектердің ата-аналары құттықтау эстафетасын жалғастырды. Олар мектеп пен мұғалімдерге жылы, шынайы алғыс сөздерін жаудырды. Түлектер де жауап сөз сөйледі, олар үшін өнер әрқашан шабыт пен қуаныштың қайнар көзі, ал бұл күн олардың өмірінде ерекше болатынын атап кетті, өйткені дәл осы жерде олар білім туралы алғашқы құжатын алды.