Металлургтер күні
- Толығырақ
- Категория: Жаңалықтар
- Жарияланды Дүйсенбі, 18 Шілде 2022 10:30
- Автор: Super User
- Қаралды: 71
16 шілдеде металлургтер күніне орай қалалық алаңда түрлі іс-шаралар өткізілді. Мереке соңында қазақстандық жұлдыздардың қатысуымен концерт өтті. Бұл концертте өнер көрсету құрметі БӨМ 10 жасар оқушысы Сатымова Ильназға (С.Г. Огородникова)
берілді. Ол "Новая волна 2013" жобасының жеңімпазы, "Х-фактор Қазақстан" және "SuperStarKz" тележобаларының қатысушысы Дәурен Оразбековпен (лақап аты Adam) өнер көрсетті. Дуэт "What a wonderful world"-Бұл әлем қандай әдемі! әнін орындады және олардың әрқайсысы үшін қала көрермендерінің ду қол шапалақтары естілді.