"Gulnar Fest" халықаралық байқауы

2022 жылдың маусым айында Алматы қаласында балалар өнер мектептерінің оқушылары арасында республикалық өнер байқауы өтті. Байқаудың басты мақсаты: балалар, жастар арасында тақырыптық көркем байқаулар өткізу арқылы дарынды балалар мен жасөспірімдерді анықтау.

Іріктеу кезеңдерін ұйымдастыру, жас таланттардың дарынын қолдау және ашу.
Байқауға қатысушыларға байқау шарттары бойынша Инстаграм әлеуметтік желісіндегі парақшада көрсетілген бейне-жазбаны ұсыну қажет болды.
Қазылар алқасының құрамына Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының қызметкерлері, белгілі өнер қайраткерлері, ақын-журналистері кірді. Қазылар алқасы қатысушыларды 10 балдық жүйе бойынша ашық бағалады.
Жеке ән салу дайындық сыныбының оқушысы Виктория Мазур қазылар алқасының назарына «Үш пингвин» атты ән ұсынды және байқау қорытындысы бойынша 2 дәрежелі лауреат атанды, сондай-ақ Виктория естелік кубокпен және медальмен марапатталды.
Жеке ән салу мұғалімі Бондаренко С. И. байқауға қатысушыны дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды.