2023 жылғы 29 сәуір-6 мамыр аралығында Усть-Таловка кентінде III Халықаралық «Достар арасында» көп жанрлы байқау өтті.

2023 жылғы 29 сәуір-6 мамыр аралығында Усть-Таловка кентінде III Халықаралық «Достар арасында» көп жанрлы байқау өтті. Байқауды «Премьер» халықаралық театр орталығы ұйымдастырып,

- орындаушылық шеберлік;

- көркем шығармашылық;

- шекарасыз шығармашылық үш бағыт бойынша өтті.

Байқаудың мақсаты - өнер саласындағы ең дарынды, болашағы зор балалар мен жастарды анықтау және қолдау.

         Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданының білім бөлімінің балалар өнер мектебі» КММ-нен байқауға орындаушылық шеберлік бағыты бойынша Литвинчук Арина - баянның 3-сыныбы, Крюков Михаил - баянның 7-сыныбының оқушылары қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша:

Литвинчук Арина - 2 дәрежелі лауреат (мұғалім Матвейчук Н. М.)

Крюков Михаил - 1 дәрежелі лауреат (мұғалім Палеева И. Д.) атанды.