Жазғы пленэр

Жазғы пленэр табиғат аясында сурет салумен ғана шектелмейді. Бұл – өнер әлемін жақынырақ танып, жаңа әсерлер мен шабыт алуға мүмкіндік беретін ерекше уақыт.
БӨМ-нің көркем бөлімінің оқытушылары Коба Татьяна Васильевна мен Серикбаева Гульмира Сальдеровна оқушылар үшін Қостанай қаласына қызықты мәдени-танымдық сапар ұйымдастырды.
Сапардың ең маңызды бөлігі қазақстандық суретші Нұрбек Жәрдемовтің «AQJAIYQ ÓLKEM» («Менің Жайық өлкем») атты жеке көрмесін тамашалау болды.
БӨМ-нің оқушылары Қазақстан Республикасы Суретшілер одағы мүшесі, шебер суретшінің ерекше фактуралы туындыларын өз көздерімен тамашалады. Картиналар жас өнерпаздарды өзіндік атмосферасымен, орындау техникасының ерекшелігімен және терең бояу үйлесімімен тәнті етті. Мұндай көрмелер — шабыт пен жаңа идеялардың қайнар көзі, болашақ шығармашылық жетістіктерге серпін береді. Экскурсия өте танымды әрі әсерлі өтті.
Көрмеден кейін балалар қаланың көрікті орындарын аралап, бірге уақыт өткізіп, алған әсерлерімен бөлісті. Сондай-ақ, «MART» сауда-ойын-сауық орталығында демалып, өздеріне ұнаған жұмыстар туралы қызу пікір алмасты.
Күннің ең көңілді сәттерінің бірі аттракциондар алаңында өтті. Балалар карусельдерге мініп, көтеріңкі көңіл күй сыйлаған қызықты ойын-сауықтардың рақатын көрді. Күлкі мен шаттыққа толы бұл сәттер сапардың ерекше естелігіне айналды.
Кешкісін барлығы үйлеріне көтеріңкі көңіл күймен, жаңа әсерлермен, әдемі фотосуреттермен және шығармашылық шабытпен оралды. Мұндай сапарлар балалардың өнерге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың дүниетанымын кеңейтіп, мәдени құндылықтарды тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.