Балалар өнер мектебінде көркем бөлімінің түлектерінің көрмесі өтуде

Көрмеде «Кескіндеме» және «Сурет» пәндері бойынша орындалған натюрморт жұмыстары ұсынылған. Өз туындыларында түлектер түрлі көркем материалдар мен техникаларды меңгергендерін көрсетті. Кескіндеме жұмыстары гуашьпен әртүрлі стильдер мен бағыттарда орындалса, сурет салуда оқушылар қалам, кофе, акрил маркерлері, пастель және түрлі түсті қарындаштарды пайдаланған.
Әрбір туынды жас суретшілердің шығармашылық ізденісін, өзіндік көзқарасын және оқу барысында қалыптасқан шеберлігін айқын көрсетеді. Көрме – жылдар бойғы еңбектің, талпыныстың, шабыттың және өнерге деген сүйіспеншіліктің нәтижесі.