«Ән сал, туған жерім — Жітіқарам!»

2025 жылғы 24 қазанда Балалар өнер мектебінің концерт залында «Ән сал, туған жерім — Жітіқарам!» атты аудандық патриоттық әндер фестивалі өтті. Бұл шараның айтулы күн қарсаңында өтуі де ерекше мәнге ие болды. 2025 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданғанына 35 жыл толады, сондай-ақ елімізде Республика күні ұлттық мереке ретінде аталып өтеді.
Фестивальге Абай атындағы мектеп-лицейдің, №10 ОМ, №4 ОМ, Естай Есжанов атындағы №9 ОМ, Мұса Шожанов атындағы №2 ОМ және Балалар өнер мектебінің оқушылары қатысты. Қатысушылар өздерінің вокалдық шеберліктерін ғана емес, сонымен қатар музыкалық шығармалар арқылы Отанға деген сүйіспеншілік пен құрметтерін көрсетті, ал тыңдармандар олардың өнерін үлкен қызығушылықпен тамашалады.