Қарттар күні-бұл ата-аналарымыздың, ата

Қарттар күні-бұл ата-аналарымыздың, ата-әжелеріміздің ерекше назарымен қоршалған мейірімді және жарқын мереке. Осы күні біз барлық қарт адамдарға лайықты құрмет көрсетеміз. Қиын сәтте кеңес алу үшін дәл осы кісілерге жүгіреміз.
Қарттар – даналық пен баға жетпес тәжірибенің қоймасы, жастар үшін өнеге болатын тамаша үлгі.
26 қыркүйекте Балалар өнер мектебінің оқушылары Жітіқара аудандық ауруханасының ұжымымен бірлесіп, құрметті қонақтарымызды құттықтады.
Концерт барысында жылы сөздер мен жанға жайлы музыкалық шығармалар шырқалып, көрермендер оларды қуанышпен тыңдап, әнге қосылды. Мерекелік атмосфера ешкімді бейжай қалдырмады. Барлығы көп позитивті эмоция алып, өз мәселелерін ұмытып, рухани демалды.