«Жайдарлы жаз»
- Толығырақ
- Категория: Іс-шаралар
- Жарияланды Дүйсенбі, 16 Маусым 2025 16:21
- Автор: Super User
- Қаралды: 14
16 маусым жазғы іс-шаралар жоспары аясында біздің Балалар өнер мектебінде №4 ЖББМ, «Мұса Шожанов атындағы №2 ЖББМ» КММ және «Естай Есжанов атындағы №9 ЖББМ» КММ (115 оқушы) оқушыларына арналған «Жайдарлы жаз» атты жарқын концерт өтті.
Бұл күні жас тыңдаушылар біздің талантты пианист, вокалист, аккордеоншы және домбырашы шәкірттеріміздің шығармашылығымен танысты. Әр концерттік нөмір жылы қол шапалақпен қарсы алынды, ал залдағы атмосфера өнерге деген қуаныш пен қызығушылыққа толы болды.
Мұндай іс-шаралар жағымды эмоциялар беріп қана қоймай, балалардың мәдени дамуына ықпал етеді, музыкалық шығармашылыққа деген қызығушылықты оятады және жаңа жаңалықтардың ашылуына шабыттандырады.