18 қыркүйекте «Қостанай минералдары» АҚ-ның 60 жылдық мерейтойы қарсаңында (қалалық көл маңында) қазақстандық суретшілердің туындылары қойылған көркемсурет галереясы ашылды.

18 қыркүйекте «Қостанай минералдары» АҚ-ның 60 жылдық мерейтойы қарсаңында (қалалық көл маңында) қазақстандық суретшілердің туындылары қойылған көркемсурет галереясы ашылды.
Галереяның ашылуына көркем мектебінің оқытушылары мен оқушылары қатысты. Балалар өнер мектебінің директоры С. Огородникова құттықтау сөзінде қаланың қалыптасуына үлкен үлес қосқан кәсіпорынға әлемдік заманауи өнердің құнды туындыларын қалаға сыйға тартқаны үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар, бұл қала тұрғындарының мәдени дамуына қосқан үлкен үлес екені айтылды. Бұл БӨМ оқушыларының шығармашылық ізденістеріне және дамуына қосымша серпін береді. Өнер адамдарды біріктіріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады, қоғам өміріне оң өзгерістер әкеліп, адамның рухани дамуына ықпал етеді. Сондықтан бұл галереяның ашылуы шығармашылық идеялар мен жоспарларды табысты жүзеге асырудың жаңа кезеңі болып табылады.